Министр интернетте есірткі мен алаяқтықтан сақ болуды ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр интернетте есірткі мен алаяқтықтан сақ болуды ескертті

11.06.2021

Тәртіп сақшыларының формасы жаңарады. Яғни жыл аяғына қарай мүлде өзгеше киім үлгісіне көшеді. Ал полицейлердің формасын ауыстырмай тұрып, үлгілі образы мен жұмыс сапасын жақсартуға күш салынды. Жалпы, ішкі істер саласында 3 жылдан бері үлкен реформа жүріп жатыр. Сала министрі құрылымдағы өзгерістермен таныстырып, неден сақтану керектігін айтты. Қазір интернеттен қос қауіп бар. Алғашқысы – есірткі саудасы. Жыл басынан 6 ұйымдасқан топ ұсталды. 740 сайт бұғатталды. 1700-ден аса адам қылмыстық жауапқа тартылды. Айналымнан 2 тонна есірткі алынды. Ал, кейінгі қатер –интернет алаяқтығы 2 есе өсті. Салдарынан азаматтар 67 млн теңге шығынға ұшырады. Енді мұндай қылмыстарды ашатын арнайы топ құрылып,тергеу 100 пайыз электронды форматқа ауысады. Ауылдарда учаскелік инспекторлар тапшы. Сондықтан оның көмекшісі деген лауазым пайда болады.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі: 
Ішкі істер органдарын реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты ерекше атап өткім келеді. Қызметкерлердің штаттық саны 13 жарым мыңға қысқарды. 106 басқару бөлімдері мен 1483 басшылық лауазымдар таратылды. Бүгінде полицейлердің саны 100 мың тұрғынға шаққанда 471-ден 369-ға дейін азайды. Бұл еуропалық елдермен сәйкес келеді. Әкімшілік шығындар азайды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу