Алматы облысының тауларында сел жүрді
Лай-батпақ аралас тасқын Сарыөзек-Көктал тас жолында, Панфилов ауданына қарасты Ақжазық ауылының маңынан кешкі 17.00 шамасында ағып өткен. Көпірдің асты селмен аққан ағаштармен бітеліп, батпақ жолдың үстіне жайылған. Тас жолдың жабындысына зиян келген жоқ. Қазір мамандар жол сапасын тексеріп, хаттама толтыруда. Айта кету керек Алматы облысының таулы аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауып, сел жүру қаупі арта түскен. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарға барынша сақ болуды ескертеді.
Айдос Сабырбаев, «Қазселденқорғау» ММ аумақтық пайдалану басқармасы филиалы жетекшісінің орынбасары:Ең бірінші халыққа айтатынымыз жауын-шашын кезінде, ауа райының күрт өзгерген жағдайда, таулы аймаққа және өзен жағалауларын бармауын сұраймыз. Екіншіден сіз айтып отырсыз, алдын ала болжауға бола ма деп? Жаңбыр жауғанда біз нақты оған айтып жауап бере алмаймыз. Мына жерде қатты жаңбыр жауады, осы елді мекендер сіздер сақтаныңыздар деп айта алмаймыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08