Солтүстік Қазақстанда 8 жасар қыз іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 8 жасар қыз іздестіріліп жатыр

10.06.2021

Солтүстік Қазақстанда 8 жасар қыз іздестірілуде. Болжам бойынша ол Есіл өзеніне батып кеткен.

Жасөспірім Есіл ауданына қарасты Покровка ауылында тұратын әжесінің үйіне жазғы демалысқа барған. Күндіз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Зейнеткер немересінің жоғалып кеткенін бірден уаскелік инспекторға хабарлаған. Құтқарушылар мен еріктілер баланы іздеп жатыр. Ауылдан шамамен 500 метр жердегі Есіл өзенінің жағасында оның киімдері табылды. Онымен бірге ойнаған тетелес ағасы ата-анасына қыздың суға кеткенін айтқан.

Мұрат Қанғожинов, ТЖД бастығының орынбасары:
Күндіз-түні сүңгіуірлер жұмыс істеп жатыр. Есіл өзенінің 7 шақырым аумағын сүзіп өтті. Жағалауда полиция, жергілікті атқарушы орган мамандары іздестіру шаралырын жүргізуде. Әзірге нәтиже жоқ.

Ал Ақмола облысында қызын құтқарамын деп 43 жасар әйел суға батып кетті. Оқиға Нұра өзенінде Целиноград ауданының Отаутүскен ауылының маңында болған. Балық аулауға барған анасы қызының суға түсуіне рұқсат берген. Бірақ баласының судың қатты ағысына төтеп бере алмай батып бара жатқанын байқап қалып анасы құтқаруға асыққан. Алайда, өкінішке орай, өзі судан шыға алмаған. Ал 10 жасар қыз тал қармап үлгеріп, аман қалды. Оны өзеннен ауыл тұрғыны алып шыққан. Кеше Қопа көлінде де суға шомылмақ болған 40 жасар ер адам батып кетті Биыл өңірде осымен бесінші қайғылы жағдай тіркелді. Облыста мамыр айынан бері 800-ден астам рейд өткізіліп, 214 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Эльмира Кәленова, Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу