Республикалық жолдардың 5 бөлігі ғана ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық жолдардың 5 бөлігі ғана ақылы болады

09.06.2021

Жүргізушілер наразылығынан кейін «ҚазАвтоЖол» елдегі бірінші санаттағы тас жолдардың 5 бөлігі ғана ақылы болатынын хабарлады. Олар: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Щучинск-Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар және Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен бағыттары. Жаңа талапты бекіту үшін алдымен қызмет көрсету сапасы артады. Жол бойында демалыс алаңдары, тұрақтар, қонақ үйлер мен өзге де қажетті нысандар бой көтереді. Сонымен қатар, 2024 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар автожолдар мен ақылы учаскелерге 134 жанар-жағармай құю бекетін қою жоспарланған. Компания мәліметінше, жүргізушілер 2013 жылы енгізілген тариф бойынша ақы төлейді.

Айта кетейік, бұған д ейін республикадағы 18 жол учаскесін ақылы қылу жоспарына байланысты жүргізушілер наразылыққа шығып, бұл талапқа жолдың сапасы сай келмейтінін айтқан.

Бауыржан Камалитден, «ҚазАвтоЖол»  ҰК АҚ стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту мен ақпараттандыру департаментінің бас менеджері: 
Жеңіл көлік иелеріне 1 теңге, 1 километр. Ал жүк көлік иелеріне бізде 5 теңгеден бастап 25 теңгеге дейін. Яғни осы ставкалардың мөлшері бірінші санаттағы жолдарға сақталады және бұл 2013 жылдан бері көтерілген жоқ.


Хабарламаларға жазылу