Маңғыстауда «Ралли Қазақстан-2021» жарысы басталды
«Ралли Қазақстан-2021» жарысы басталды. Оған әлемнің 33 елінен 100-ден аса спортшы қатысуда. Дәстүрлі автошабандоздар жарысы Ақтауда осымен 6-шы рет ұйымдастырылды. Биылғы доданың ерекшелігі- спортшылар автокөлікпен қатар мотоцикл және квадроциклмен де жарысады. Сайыс 5 күнге жалғасады. Қатысушылар Ақтау-Кендірлі-Жаңаөзен-Форт-Шевченко бағытымен құмды, таулы жерлермен жүріп, 2400 шақырым жолды еңсеруі қажет. Биылғы Ралли Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Рафал Сонник, «Ралли Қазақстан-2021» жарысына қатысушы /Португалия/:
Пандемия салдарынан биыл жарыс ұйымдастырылмайды деп уайымдадым. Сондықтан бүгін қатты толқып тұрмын. Жарысқа ерекше дайындықпен келдім. Мотоспортпен айналысқаныма 22 жыл болды. 13 рет Әлем кубогын жеңіп алдым. Ал, Қазақстанға алғаш келуім. Каспий теңізі мен ойлы-қырлы табиғаты баурап алды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16