Шетелдегі қандастарға ана тілін оқытатын арнайы әдістеме жасалады
«Шетелдік білім ордаларында қазақ тілін оқытатын арнайы әдістеме жоқ». Мемлекеттік тілге қатысты осы және өзге де мәселелер Атырауда өткен халықаралық онлайн конференцияда талқыланды. Жиынға Венгрия, Ресей, Түркия, Франция, Ираннан ғалымдар қатысты. Қазақстанда биыл өзге мемлекеттен келетін қандастарымызды оқыту үшін бакалавриатқа 490 грант бөлінді. Ал, шетелдегі этникалық қазақтар арасында бұл мәселе өткір тұр. Өйткені, олардың сауатын ашып, білімін толықтыратын нақты бағдарлама жоқ. Сондықтан мамандар өзге елде өмір сүріп жатқан қандастардың сауатты білім алуы үшін озық әдістемелік бағдарлама жасауды ұсынды.
Қарлығаш Әшірханова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бөлім жетекшісі:
Қазақ тілі қаншалықты дұрыс оқытылып жатыр ол жерде. Қазақ тілінде қаншалықты керек ақпараттар беріліп жатыр. Сол мәселені жалпы көтергіміз келеді. Арнайы бір нақтыланған білім бағдарламасы жасақталуы керек деп ойлаймыз.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16