Елордада коронавирусқа қарсы екпе алушылар саны азайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада коронавирусқа қарсы екпе алушылар саны азайып кетті

09.06.2021

Елордада коронавирусқа қарсы екпе алушылар саны азайып кетті. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік саниатрлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Мәселен, мамырда вакцина салдырғандар саны сәуірге қарағанда 46 пайызға аз. Шаһарда емханалардан бөлек, 9 сауда үйінде екпе пунктері жұмыс істейді. Қазір елордада 111 683 адам вакцинаның екі компонентін салдырды. Бұл жалпы тұрғындардың 9,4 пайызы ғана. Ал бірінші компонентті алғандар саны – 169 632 адам. Тағы бір айта кетерлігі, елордада Ashyq қосымшасы үй карантинін бұзған 3 мыңнан астам адамды анықтады. Олардың жартысынан көбі науқастармен байланыста болса, қалғандары вирус жұқтырғандар. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу