Ақтөбеде банк қызметкері салымшылардың ақшасын жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде банк қызметкері салымшылардың ақшасын жымқырған

09.06.2021

Ақтөбеде банк қызметкері/ салымшылардың ақшасын жымқырып, құмар ойын ойнаған. Тұрғындар облыстық полиция департаментіне ақшаларының жоғалғанын айтып, мамыр айында арыз жаза бастаған. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол 21 жастағы сол банктің операторы болып шықты. Жас маман үш ай бойы төрт салымшының шотындағы ақшаны 30 мың теңгеден шешіп алып, букмекерлік кеңселерге салып отырған. Жалпы шығын көлемі 1 миллион 300 мың теңгені құрады. Естеріңізде болса, бұған дейін осы Ақтөбе қаласында орналасқан шет елдік банк филиалының менеджері де өзі қызмет ететін мекемеден 800 миллион теңге жымқырғанын хабарлаған едік.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу