«Бипэк Авто Қазақстан» компаниясының жұмысшыларға берешегі 1 млрд теңгеге жуықтаған
«Бипэк Авто Қазақстан» компаниясының бұрынғы жұмысшылары еңбекақы қарызын төлеуді талап етуде. Бір ай бұрын бұл кәсіпорынның қызметкерлері қысқартуға ұшырап, еліміз бойынша барлығы 1 мың адам жұмыссыз қалған. Сол уақыттан бері олар Өскемен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Шымкент, Қарағанды және Орал қаласындағы құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып жүр. Еңбекақы бойынша берешектің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге жуық. Компанияның Өскемендегі филиалында жұмыс істегендер әкімшілік ғимарат алдына жиналып, өздеріне тиесілі жалақыны төлеуді талап етті. Сол жерге дереу жеткен билік өкілдері жалақы бойынша қарыз мәселесі жақын күндері шешіледі деп уәде берді.
Андрей Блажко, «Бипэк Авто Қазақстан» компаниясының бұрынғы қызметкері:
Ешкім ештеңе айтпайды, кімнен сұрарыңды білмейсің. Қаржы бойынша директорды іздеп едік, ол іс-сапарда дейді. Менде төленбей жатқан несиелерім бар. Тіпті бүгін қай көпірдің астына барып қонарымды да білмей тұрмын.
Бахытбек Қизатов, ШҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:
Өткен сенбі күні осы мәселе бойынша әкімдікте жиналыс өтті. Облыс әкімі басшысы компания басшылығымен кездесіп, жалақы бойынша қарыз осы аптада төлене бастайды деген келісім жасалды.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16