Әлемнің бірқатар елінде интернеттегі ақауға байланысты ірі веб-сайттардың қызметі тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің бірқатар елінде интернеттегі ақауға байланысты ірі веб-сайттардың қызметі тоқтады

08.06.2021

Әлемнің бірқатар елінде интернеттегі ақауға байланысты ірі веб-сайттардың қызметі тоқтады. Twitter, Amazon, PayPal сияқты алпауыттармен қатар, CNN, New York Times, Guardian баспасөз агенттіктерінің парақшалары да тұралап қалды. Канада, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания мен тағы басқа елдерден ондаған мың шағым түскен. Оған Fastly серверлік желісіндегі қателік себеп. Бұл платформа компанияларды контентпен қамтамасыз етеді. Қазір ақау жөнделген. Дегенмен мамандар ғаламтордағы жұмысты қалпына келтіру үшін уақыт қажет деп отыр.


Хабарламаларға жазылу