Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

08.06.2021

Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді. Ол үшін тұтынушылардың мәліметін қашықтан сәйкестендіру тетігі күшейтілді. Яғни, биометрия және аутентификаттау жүйесі арқылы өткізіледі. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Президент қабылдауында айтты. Кездесу барысында ол қаржы тұрақтылығын қамту шаралар мен стрестік активтер деңгейін төмендету жөніндегі агенттіктің жоспарын айтты. Соның нәтижесінде былтыр жарты жылда стрестік активтердің көлемі 15,5 пайызға, яғни 2,3 триллион теңгеге дейін азайған. Экономиканы несиелеу көлемі жыл басынан бері 3,3 пайызға артып, 15,1 триллион теңгеге жеткен.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу