Көкшетауда субұрқақтар жұмыс істемей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда субұрқақтар жұмыс істемей тұр

08.06.2021

Көкшетауда субұрқақтар жұмыс істемей тұр. Мемлекеттік сатып алу арқылы қызмет көрсетіп келген компания әкімдік ақша төлемегендіктен ағытып тастаған. Ал тапсырыс беруші, яғни қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі серіктестік атқарылған жұмыстар актісін дұрыс тапсырмады деп отыр. Құжаттары түгел емес көрінеді. Сондықтан қызмет көрсетуші компанияны сотқа берді. Субұрқақтар іске қосылғалы тұрғындар тарапынан шағымдар түскен. Серіктестіктің жұмысына көңілі толмаған әкімдік өкілдері де сан мәрте ескерту жасаған. Оған қарамастан қызмет көрсетуші компания әкімдіктен атқарылған жұмыс үшін бір жарым миллион теңге төлеуді сұрап отыр. Ал әкімдік мердігермен арадағы келісім-шартты бұзбақ. Соңғы шешімді сот шығармақ. Іс осы айда қаралады.

Аслан Әбутәліпов, Көкшетау қаласы әкімдігінің ресми өкілі:
Серіктестіктің мекенжайы бойынша бірнеше хабарлама жіберілген болатын. Бірақ серіктестік бұл хабарламалар бойынша тиісті шаралар қолданған жоқ. Кешеден бастап, Көкше-Су арнасы кәсіпорнының қатысуымен барлық қаладағы бар 10 фонтандарға тиісті жұмыстар жүргізіле басталды. Жақын арада қала бойынша барлық фонтандар іске қосылады және тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу