Ермек Тоқтаров: Азаматтар тікелей дауыс беру арқылы әкімдерді сайлауға дайын
Ауыл әкімдерін халықтың тікелей сайлауы – елдегі саяси жүйенің жаңғырып жатқандығының айғағы. Ал, алдағы уақытта аудан басшыларын таңдау іске асырылады. Демек, тұрғындар саясатқа сатылай араласып, өздері дауыс берген өкілдері арқылы жергілікті жерді басқаруға белсене атсалысады. Республика аумағында 2 мың 345 әкім бар. Лауазым иелерін дауыс беру арқылы сайлау кезең-кезеңмен іске асады. Биыл өкілеттігі тоқтайтын 836 ауыл әкімі ауысады. Сайлау алдағы 2 жыл республикалық бюджеттен, ал, 2023-тен бастап жергілікті жерден қаржыланады. Саяси науқан тамыз-желтоқсан аралығына жоспарланған.
Ермек Тоқтаров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері:
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына олардың дербестігін нығайтады. Азаматтар тікелей дауыс беру арқылы әкімдерді сайлауға дайын. Саяси мәдениеттілігіміз, сауаттылығымыз жеткілікті деңгейде.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16