Елордада пластикті қабылдайтын фандомат ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада пластикті қабылдайтын фандомат ашылды

07.06.2021

Пластик пен алюминий бөтелкені тапсырып, есесіне эко бонус немесе ақшалай сыйлық ал. Елордада қайталама шикізатын жинайтын алғашқы фандоматтың салтанатты ашылуы өтті. Шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты. Орта есеппен, әрбір қазақстандық жыл сайын 250-360 килограмм тұрмыстық қалдықтарды шығарады. Оның 95% -дан астамы полигонға кетеді. Қазірдің өзінде үкіметке 2030 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесін 40% дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл пилот қоршаған орта және Қазақстан экологиясын сақтау саласындағы маңызды және пайдалы жобалардың бастауы болады деген үміт бар .Жасыл» технологияларды енгізу, Қазақстанда бизнесті әлеуметтік жауапкершілігін кеңіте отырып, қалдықтарды қайта өңдеу саласының инфрақұрылымын дамытуға көмектесу «Оператор РОП» ЖШС-ніңнегізгі мақсаты. Қазақстанның басқа қалаларында орнату үшін ROP операторының көмегімен жүзеге асырылады.

Әділет Нұрселинов, «Ecoplatform» ЖШС директоры: 
Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы ғой. Пластик, алюминий қалдықтар көшеде шашылып жатады. Жыл соңына дейін 1500 осындай аппарат қойсақ дейміз. Әрине, кәсіпкерлердің мойнындағы нәрсе емес, бұл мемлекеттің мүддесі негізі.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу