Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында сүңгуір-құтқарушылардың халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды

Қарағанды облысында сүңгуір-құтқарушылардың халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды

Қарағанды облысының Приозерск қаласында сүңгуір-құтқарушылардың алғашқы халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды. Шараға қатысушылар ең соңғы құтқару жабдықтарын пайдалана отырып күрделі операцияларды орындады. Руслан Нұрланұлы тарқатсын. Руслан Нұрланұлы тарқатсын,

Тапсырма бойынша сүңгуір-құтқарушы тереңдігі 7 метрлік бассейндегі құбырдың ақау шыққан жерін жөндеу керек. Су астында ауыр құралмен жұмыс істеудің қиындығы өз алдына, тереңге түсіп-шығу үшін өжеттілік, ыждахаттық қажет. Жұтатын оттегіні, су қысымын дұрыс есептемесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін.
Мейрамбек Досымбетов, сүңгуір-құтқарушы: 
Бірінші 3-4 метрден соң 2-3 минут демаламыз. 8-9 метрден соң тағы да демаламыз. Бірден түсіп-шығу деген жоқ. Бірден тереңнен шығып кетсе өкпеден, құлақтан зақым алуың мүмкін. Өзіміздің таблицамыз бар.
Дәл осындай ауыр сынақтардан тұратын оқу-жаттығуға еліміздің түкпір-түкпірінен 35 маман қатысты.Тәжірибе алмасу мақсатында Ресей және Қырғыз елдерінің де сүңгуірлері келді.
Серік Берсімбаев, ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы: 
Оқу-жаттығуға қатысушылар теориялық, практикалық сынақтарды тапсырды.Соның қорытындысы бойынша 24 сүңгуір-құтқарушыға біліктілігі 1-2 деңгейлі мамандандар тобына өткені жөніндегі сертификаттар табысталды. Одан бөлек 10 қатысушыға кәсіби сүңгуір-нұсқаушы деген куәлік табысталады.
Жиынға қатысушылар ең соңғы құтқару жабдықтарын пайдалана отырып Балқаш көлінде де күрделі операцияларды орындады. Жаттығу аяқталғаннан кейін қатысушыларға халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының да сертификаты табысталды.

Руслан Нұрланұлы
Бөлісу