Алматыда аялдамада тұрған үш адамды көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда аялдамада тұрған үш адамды көлік қағып кетті

07.06.2021

Алматыда аялдамада тұрған үш адамды көлік қағып кетті. Көлік тізгінінде болған азаматтың ішімдік ішіп, есірткі қолданғаны белгілі болды. Түрлі жарақат алған жәбірленушілердің екеуі облыстық стационарға жеткізілсе, біреуі №7 қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Оның иығы сынып, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатқанын айтады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 2-бөлімі бойынша тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу