Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтүбек ауылындағы бірнеше үйді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтүбек ауылындағы бірнеше үйді су басты

29.03.2019

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті билік, төтенше жағдай қызметі бұл жағдайдан бейхабар болған. 27 наурыздан бастап даладан келген суды жұрт өз күшімен бөгеуге тырысқан. Алайда, шеткі көшедегі үйлерге кіріп, айтарлықтай шығын келген. Дүние-мүлік су болып, қорада мал қалып қойған. Су деңгейі тек бүгін таңертең төмен түскен.

Ерсайын Фазылов, Ақтүбек ауылының тұрғыны:

- Біз өз күшімізбен үйді, мал қораларын құтқарып қалдық. Ал, Жаңаарқа ауданының төтенше жағдай қызметінен көмек болған жоқ. Мен өзім 3-топтағы мүгедекпін. Үйімде 1-ші топтағы мүгедек бала бар. Өз күшіммен, жолдас жігіттердің арқасында трактормен эвакуация жасадым.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу