Ленгер қаласындағы тұрғындар жарыққа жарымай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ленгер қаласындағы тұрғындар жарыққа жарымай отыр

04.06.2021

Түркістан облысы Ленгер қаласындағы бірнеше көшенің тұрғындары қараңғылық құшағында ұялы телефонның жарығымен тіршілік етуге мәжбүр. Өйткені электр желілері әбден тозғандықтан екі күннің бірінде жарық сөніп қалады. Ағаш бағаналардың түбі шіріп, құлауға айналған. Ал әбден үзіле-үзіле жалғау болған сымдар кернеуге шыдас бермейді.
Сұңғақ бойлы адам еңкейіп өтетін бұл сымды электр жүйелері мекемесінің өзі тартып берген. Жаңа желіні түбі шіріп, сына-сына аласарып қалған бағанаға іле салыпты. Қаттырақ тартсаң еңкейген бағана құлағалы тұр.
Гүлира Маханбетова, Ленгер қаласының тұрғыны: 
Есіктен шыққанда 1 метр маңдайымызда салбырап тұр. Балалар ойнайды. Столба көне. Ағашы шіріп құлайын деп тұрған столбаға жүргізіп кетті.
Шағын қаланың бұл көшесіндегі электр бағаналарының шірімегені жоқ. Жан жағына қойылған тіреудің өзі сүйеу болудан қалған. Екеуінің арасы ажырап кеткендіктен басын жіппен түйістіре байлап қойғандары да бар. Ал ток жүретін сымдар желдің екпінімен, үстіне қонған құстардың салмағымен салбырап, жер сызып тұр.
Ержан Нәбиев, Ленгер қаласының тұрғыны: 
Свет өшіп қалады сотканың жарығымен отырамыз. Баяғы 90-шы жылғы заман болды ғой. Өздерің қосып алыңдар дейді. Біз ол 220,380 вольттық сымды қалай қосып аламыз. Біреуіміз мүгедек болып қалсақ кім жауап береді.
Шаһардың бұл аумағына электр желілері өткен ғасырдың 70-ші жылдары жүргізілген. Содан беру ауыстырылмаған. Өйткені қыратты төбелерге баспаналар салынып кеткендіктен, техниканың баруы мүмкін емес.

Мұның өзі проблеманы түпкілікті шеше алмайды,-дейді мамандар. Ол үшін желі тұтастай ауыстырылуы қажет. Электр жүйесі мекемесі бұл істі инвестициялық жоспарға енгізу жайын қарстырып жатыр. Егер мақұлданса келер жылы жаңартылады.

 Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу