Мемлекет басшысы рәміздер күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы рәміздер күнімен құттықтады

04.06.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бүгінгі ерекше мерекемен құттықтады. 

Президент өзінің твиттер парақшасында «Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін», - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу