Елордада «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті
Елордада «Біз – ел патриотымыз» атты халықаралық жастар форумы өтті. АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Әзірбайжан сынды бірқатар елдегі жастар ұйымдары өкілдерінің басын қосқан шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Қатысушылар патриотизм төңірегінде пікір алмасып, өздерінде атқарылған ауқымды істер жөнінде баяндады. Жастар дамуының жаһандық индексі бойынша Қазақстан 183 елдің ішінде 63-ші орында тұр. Форум аясында мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жоғарғы интеллект салтанат құрған дәуірде әр салада көш бастап жүрген жастарға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Бүгінгі таңда елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыруға ұластыруға нақты шаралар қабылдануда. Бұл жаңғырулар ең алдымен елдің келешегі – жастар үшін аса қажет. Сондықтан жастар жаһанданудың заманауи игіліктерін бойына сіңіре отырып, ұлттық құндылықтарымызды құлдыратпауы тиіс.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16