Ақтөбеде балаларды сауықтыру орталығының жабылуына ата-аналар қарсы
Ақтөбедегі дамуында тежеуі бар және мүгедек балаларға арналған жалғыз сауықтыру орталығы жабылады. Себебі, әкімдік мекемеге жыл соңына дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берген.Одан кейін қаржыландыру тоқтайды. Қазір мемлекеттен әр балаға күнделікті 5 мың теңге шамасында қаржы бөлініп отыр. Орталық жеке кәсіпкердің басқаруында. Ол ғимаратты жалға алып, 100 баланы емдік, сауықтыру шараларымен қамтамасыз етіп келеді. Оның 23-і - ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. Мекеменің жабылуына ата-аналар да қарсы.
Ал, әкімдік өкілдерінің айтуынша, мәселе шешіліп қойған. Келер жылдан бастап қарттар үйінің бір бөлігіне мүгедек балалар жайғастырылады.
Бұлбұл Елеусінова, облыс әкімінің орынбасары:
Соның, ғимараттың екінші қапталы бос. Қазір облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, ағымдағы жөндей жұмыстары басталады. Сол жерге «Жайна» орталығының балалары орналастырылады. Орталықты күтіп ұстауға 200 млн теңге жоспарланып отыр. Ал, материалдық-техникалық базасына 150 млн көлемінде.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22