Оралда нөсер жауыннан көшелерді су басты
Батыс Қазақстанда кеше кешкісін қатты нөсер жауып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды.
Көшелер суға толып, көліктер қайықша жүзді. Бірнеше жер үй мен 40-тан астам ауланы су басқан. Электр желілерінде апат болып, тұрғындар 4 сағат бойы жарықсыз отырды. Электр қуаты болмағандықтан, су станциясы да жұмыс істемеді. Су тек таңертең берілді. Синоптиктердің айтуынша, бірнеше сағаттың ішінде бір жарым айда жауатын жаңбырдың мөлшері түскен. Қарағанды облысында да нөсер соңы бұршаққа ұласты. Аймақта екі күн жауын-шашын болатыны жайлы дауылды ескерту берілген.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16