Алматы-Қорғас жолында көлік өртенді: 2 адам тірідей жанып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы-Қорғас жолында көлік өртенді: 2 адам тірідей жанып кеткен

04.06.2021

Алматы облысында қайғылы оқиға орын алды. Көлік өртеніп, екі адам опат болған

Қайғылы оқиға Алматы-Қорғас тасжолының 82-ші шақырымында кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Өрт орнында болған куәгерлердің айтуынша, көлікте екі әйел ұйықтап қалған. Өкінішке қарай, шығып үлгермеген. Ал жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі 45 шақырым жерде орналасқан. Құтқарушылар келгенше көлік түк қалмай жанып кеткен. Мамандар аптап ыстықта азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жолға шыққанда көлікті техникалық тексеруден өткізуге кеңес береді.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу