Тараздық тұрғындар үй-жайын арзанға сатуға қарсы
Үй-жайын әкімдікке арзанға сатпаймыз деп бекінген тараздық тұрғындар арнамыздың тілшілеріне хабарласты. Жергілікті билік жүздің үстіндегі жекенің жері мемлекет мұқтаждығы үшін қажет деп қаулы шығарған. Сондықтан үйлермен қоса сауда нысандарын да сүріп тастамақ. Әріптесім Сәбит Әлдебай мән-жайды білді.
Арызын айтқан ел мүлікке әділ баға қойылғанын сұрайды. Дауға айналған мына «Көне Тараз» кешенімен көршілес жатқан 8 гектар аумақ. Мұнда 116 жеке үй бар. Сауда-саттық нысандары да жетерлік. Сондықтан арзанға сатпаймыз деп бұқара бас көтерді.
Зухра Атығайованың осында тұрып жатқанына 30 жылдан асады. 3 отбасы сауда жасап күнімізді көріп келеміз, дейді. Еңселі екі қабатты 270 шаршы метр үйде тұрады. Оған жапсарлас 44 шаршы метр дүкенін қосыңыз. Ол осы мүлкіме мардымсыз ақша берді деп ашулы.
Зухра Атығайова, Тараз қаласының тұрғыны:Мен сол ақшаға 11 млн-ға ешқандай тіпті одан кішкентай дүкен ала алмаймын.
Жергілікті билік жыл басында сүрілетінін елге ескерткен. Артынша жұрттың жеріне, мүлкіне сату құқығына шектеу қойған. Әкімдік 116 үйдің 110-ын тәуелсіз бағалаушыларға есептетіп көрген. Олардың жалпы құны 3,5 млрд теңгеге шыққан.Жергілікті билік өкілдері бұл қаржыны қалта көтермейді деп отыр.
Асхат Есеналиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:Бұл қомақты қаражат. Біздің жергілікті әкімдіктің тарапынан мұндай қаражатты көтере алмаймыз. Сондықтан біз әлі республикалық бюджетке, не облыстық бюджетке бұл шаруа бойынша ешқандайда ұсыныс берген жоқпыз. Бағамен келіспегендер 20 күн ішінде жауабын жер қатынастары бөліміне өткізеді.
Үйлер мен сауда нысандары сүрілген жағдайда мұнда «Көне Тараз» тарихи кешенінің сәулетті нысандары салынбақ.
Сәбит Әлдебай, тілші:Айта кетейік Таразда Ташкент көшесінің тұрғындары да бас көтеруі мүмкін. Өйткені, жекедегі 70 үй биліктің балансына өткелі жатыр.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00