Батыс Қазақстанда жол апаты үшін аудан әкіміне сөгіс берілді
Батыс Қазақстанда үш адамның өмірін қиған жол апаты үшін аудан әкіміне сөгіс берілді. Бұған дейін аудан басшыларына жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін қатаң шара қолданылатыны жайлы облыс әкімі ескерту берген. Естеріңізге сала кетейік, 16 мамырда Орал-Атырау тасжолында жеңіл көлік екі жылқыны соғысып, бір үйдің үш адамы қаза тапты. Тағы екеуі жарақат алды. Жиырма күн өтсе де жылқы иесі табылмады. Былтыр малдың кесірінен 49 жол апаты тіркеліп, 43 оқиға бойынша малдың иесі ақыры анықталмаған. Сондықтан, ветеринария басқармасының басшысына қатысты қызметтік тексеру басталмақ.
Ғали Есқалиев, облыс әкімі:
Осы ретте, Қалияр Шадиярұлы, сізге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылады. Сіздің басқарманың берген ақпараты бойынша, Ақжайық ауданында 6 ай қорытындысымен жылқы малын таңбалау бойынша жылдық жоспары әлі күнге дейін нөл пайызды құрап отыр. Осы негізде сізге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, тәртіптік жауапкершілігіңіз қаралады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16