Өткен тәулікте 1385 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1385 адам коронавирус жұқтырған

03.06.2021

Енді елдегі эпидахуал бойынша статистикаға тоқталсақ. Қазір қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ғана қалды. Ал, 6 облыста жағдай орташа болса, 9 өңір жасыл аймақта тұр.

Індетке шалдыққандар саны да азайып келеді. Кеше 1385 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 91 адам шалдыққан. Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 19 адам қайтыс болды. Ал, бүгінге дейін елде 2 млн 158 мың адам екпе салдырған.


Хабарламаларға жазылу