«ҚазАвтоЖолдың» тариф өсіруіне депутаттар қарсы
«ҚазАвтожол» кәсіпкерлер мен жүк көлік жүргізушілерін қанауды қойсын. «Ақ жол» партиясы компанияның ақылы жолдар тарифін 5 есе көтереміз деген жоспарынан бас тартуын талап етті. Депуттаттық сауал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа жолданды. Кейінгі күндері бірқатар өңірде аталған бастамаға қарсы наразылық акциясы өтіп жатыр. Депутаттар мұны орынды,-деп санайды. Өйткені, «ҚазАвтожол» асфальттың сапасына қарамай ақылы жолдың бағасын аспандатқысы келген.
Азат Сембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Түсінуге тиіспіз. Қазақстанда тасымалдау шығыны онсызда тауардың өзіндік құнының 10-15 пайызын құрайды. Ал, тарифті 5 есе көтеру азық-түлікті бірден қымбаттатады. Қазірдің өзінде жағдай мәз емес. Мемлекет бизнесмендерге бағаны өсірмеңдер десе, энергетиктер мен «ҚазАвтожолға» тарифті еселеуге мүмкіндік жасап отыр. Яғни, бүкіл ел монополистердің «экономикалық» тұтқынында.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16