Ақылы жолдардың бағасы көтерілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылы жолдардың бағасы көтерілмейді

02.06.2021

Ақылы жолдардың бағасы көтерілмейді. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халыққа есеп беруінде мәлім етті. Республикалық маңызы бар жолдармен жүретін жеңіл көліктер бұрынғыдай бір шақырым үшін бір теңге төлейді. Бұл баға 2013 жылдан бері өзгерген жоқ. Ал ауыр жүк көліктер үшін ақылы жолдармен жүру бағасы 40 пайызға арзандайды деп жоспарлануда. Былтыр Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас ақылы жолдарынан түскен 5 млрд. 700 млн теңге түгелімен жолдардың кем-кетігі мен ақылы жол учаскелерінің автоматтандыру жүйесін жөндеуге жұмсалған. Ал бірінші маусымда 18 учаскедегі жолды ақылы қылу мәселесі кейінгі шегерілді.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Ашылатын жолдардың сапасын соның бәрін қайтадан тексеру басталған мамыр айында. Оның бәрі әлі аяқталған жоқ. Біраз жерлерде ремонт жүргізу керек қайтадан. Соның бәрін біз қазір есептеп, қайтадан сол жұмыстарды жалғастырып, арнайы акт қабылдап сонан кейін ашылатын болады. 


Хабарламаларға жазылу