Өскемендегі аттракцион иелері әкімдікпен дауласып жатыр
Өскемендегі аттракцион иелері әкімдік жұмыс істетпей жатыр деп шағымданды. Облыс орталығындағы «Металлург» саябағы екі апта бұрын жұмысын тоқтатқан. Арнайы комиссия ойын қондырғыларының техникалық жағдайын тексерген. Кәсіпкерлер анықталған кемшіліктерді түзеп, жұмысты қайта бастаған. Бірақ, қалалық әкімдік олардың бұл әрекеті заңсыз деп отыр. Соңғы бірнеше жылдан бері осы саябақта аттракциондар орнатқан серіктестік мен жергілікті билік бірнеше рет соттасты. Бүгінде саябақтың тұрған жері мемлекеттікі, ал аттракциондар жеке меншіктікі. Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, кәсіпкерлер жерді жалға алу жөнінде келісімшарт жасамаған.
Александр Измайлов, кәсіпкер:
Комиссия біздің аттракциондарды тексеріп, бүгінде олардың техникалық жағдайы бойынша сұрақ жоқ. Анықталған кемшіліктердің бәрін жойдық. Ал енді жұмыс істеу үшін жерге келісімшарт жасау керек дейді. Бұл саябақ 30 жыл бұрын ашылған. Турасын айтқанда, біздің тұрған жерімізді тартып алып енді сол үшін кінәлайды.
Денис Федченко, қала әкімінің орынбасары:
Арнайы жұмыс тобы бұл жерде біраз заңбұзушылықты анықтады. Кәмелеттік жасқа болмаған балалар жұмыс істеген, кассалық аппарат болмаған, кәсіпкер мен жұмысшылар арасында келісімшарт жасалмаған. Бұл олқылықтың барлығы жойылды. Бүгінде жерге қатысты мәселе шешілмеген. Ал кәсіпкерлер жұмысын қайта бастап кетті. Бұл әрекеттері заңсыз.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16