Қостанайдағы машина жасау зауытында 40 мыңнан астам көлік құрастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы машина жасау зауытында 40 мыңнан астам көлік құрастырылды

01.06.2021

Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорында оқшаулау орталығы ашылды. Ал былтыр машина жасау зауытында қырық мыңнан аса көлік құрастырылып, өндіріс 1,7 пайызға артқан. Бұл Қазақстанда жасалған техниканың жартысынан астамы Тобыл өңіріндегі кәсіпорынға тиесілі екенін көрсетеді. Әріптесім Дәуренбек Әбдібек тарқатсын.

Зауыт ұжымы ашылған күнінен бастап алдына өнімнің отандық үлесін арттырауды мақсат етіп қойған. Бұл меже біртіндеп орындалып келеді. Бүгінде шағын щанаққа дейін алдымен дәнекерлеу цехында ұсақ бөлшектері бір-біріне бекітіліп құрастырылады. Сонан соңсырлау цехына жеткізіледі. Осы цехтыңөзінде жүзден аса адам еңбек етеді.

Нұржан Исахмет, сырлау цехының шебері:
Көптеген жас мамандар бар оқу орындарын бітіріп келген. Тәжіриебеден өтіп жатқандар да бар. Кейін олардың дені осында қалады.

Машина құрастыру зауытында қазір 2 мыңға тарта адам еңбек етеді. Жұмысшыларға жайлы жағдай туғызу басты назарда. Тегін түскі ас беріледі, жұмыс орнына кәсіпорын автобустарымен тегін жеткізіледі. Әлеуметтік қолдау, зауыт есебінен мамандардың біліктілігін көтеру де жолға қойылған.

Ерсін Кендіров, жұмысшы:
Былтыр осы зауыт арқылы Санкт-Петербург қаласына барып оқып, тракторлардың дөңгелек қанаттарын құюды үйрендік. Қазір сол бөлшектерді, қаптама, аккумулятор қорғаныштарын құйып жатырмыз.

Отандық өндіріс үлесін арттыру осы зауыт базасындағы ауылшаруашылығы техникаларын құрастырушы кәсіпорныда да жүзеге асып жатыр. Мұнда биыл оқшаулау орталығы ашылды.

Динара Шүкіжанова, «Агромашхолдинг KZ» АҚ вице-президенті:
Оқшаулау цехында қазірдіңөзінде 150-ге тарта бөлшектер жасалады. Бұлар тракторларға, тіркемелерге, дән сепкіштерге, комбайндарға және автокөліктерге орнатылады. Яғни оқшаулау орталығы бізді импортқа тәуелділіктен біртіндеп арылтуы тиіс.

Сондай-ақ жаңа орталық биыл қосымша тағы 450 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Ал келер жылы мұндағы жұмысшылар санын 600-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу