Петропавл іргесіндегі Бескөл ауылының тұрғындары жаппай ауырып жатыр
Петропавл іргесіндегі Бескөл ауылын жұқпалы дерт жайлады. Соңғы 4 күн ішінде 100-ден астам тұрғын дәрігер көмегіне жүгінген.
Барлығының ауру белгілері осындай. Халық аурудың ауыз су арқылы тарап жатқанына шүбә келтірмейді. Сараптама алынған. Нәтижесі әзірге дайын емес.
Нұрболат Әскендіров, ауыл тұрғыны:
Балалар немен ауырып жатқанын білмеймін, неден емдеу керек екенін білмеміз. Қазір үйде қызым екеуміз қалдық. Кішкентайым мен ұлым ауруханада жатыр. Енді қызым да ауырып жатыр.
28 мамырдан бері 78 бала мен 36 ересек аудандық аурухана мен жедел-жәрдем қызметіне жүгінген. Дәрігерлердің айтуынша, оларға энтеровирустық инфекция диагнозы қойылды. 10 науқас ауруханада жатыр. Ауданда шұғыл түрде провизорлық орындар ашылды. Халықтың жаппай ауыру фактісіне қатысты облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғады. Арнайы құрылған жұмыс тобы тергеу амалдарын жүргізуде.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16