Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 170 млн-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 170 млн-нан асты

01.06.2021

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 170 миллионнан асты. Кей елдерде індеттің таралуы бәсеңдеген.

Түркияда карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. Коменданттық сағат уақыты қысқарып, мейрамханалар мен спорт залдарына кешкі 9-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, үйлену тойларын ашық ауада да, ғимарат ішінде де өткізуге болады. Алайда жексенбіде қатаң талаптар сақталады.

Ал Малайзияда, екінші рет жалпы ұлттық карантин жарияланды. Себебі тәуліктік «ковид» науқастарының саны 8 мыңнан асқан. Екі апта бойы әлеуметтік маңызы бар салалардан басқа қызмет орындары жұмыс істемейді.

Аргентина өршіп тұрған індетпен күресу мақсатында Astrazeneca вакцинасының 2 миллион дозасын алды. Елдегі 45 миллион тұрғынның 12 миллионнан астамы екпе салдырған. Билік экономиканы жандандыру үшін науқан қарқынын арттырып жатыр.

Венесуэлаға COVAX бағдарламасы аясында ресейлік және қытайлық вакцинаның 5 миллион дозасы жеткізілді. Оны алу үшін кешеден бері ұзын-сонар кезек. Мұнда халықтың 1,1 пайызы ғана екпе салдырған. Биліктің хабарлауынша, препараттардың жеткізілуіне АҚШ санкциялары кедергі келтіріп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу