«Qazaqstan» арнасында «Айналайын» қайырымдылық телемарафоны өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» арнасында «Айналайын» қайырымдылық телемарафоны өтіп жатыр

01.06.2021

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Айналайын» қайырымдылық телерадиомарафонын өткізіп жатыр. Жобаның мақсаты - денсаулығына байланысты көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету. Ұлттық арна көрермендері экранда көрсетілген есепшотқа қаржы аударып, науқас балалардың еміне қолдау көрсете алады.

Жәрдемге мұқтаж балғындар арасында нефробластома дертімен күресіп келе жатқан 6 жасар елордалық Альарназ Әбдікәрім, Түркияда лейкоздан ем алып жатқан 4 жасар Жезқазғандық Батыр Абин бар. Микротия және атрезия диагнозы қойылған алматылық 5 жасар сәби Әлима Жаңабай, эпилепсия, гипоплазия дертіне шалдыққан 5 жасар Атырау тұрғыны Әмір Бадаков та көмек алады.

Түскі 12.00-де басталған шара бүгін кешке дейін жалғасады. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу