ШҚО-да 13 елді мекенді сел басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 13 елді мекенді сел басу қаупі бар

31.05.2021

Шығыс Қазақстанда 13 елдімекенді сел басу қаупі бар. Қауіпті орындар Катонқарағай, Зайсан, Үржар, Тарбағатай, Алтай ауданы және Риддер қаласында орналасқан. Мамандардың айтуынша, осы уақытта бұл жақтағы тауларда 146 мұзды көл пайда болып, төмендегі елдімекендерге қауіп төндіреді. Табиғи апаттың алдын алу үшін сол маңдарға арнайы бекеттер қойылып, Қазселденқорғау мекемесінің мамандары тәулік бойы бақылау жасауда. Сел қаупін қадағалау үшін аэровизуалды зерттеулер де жүргізіледі.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу