Қазақстандық Youtube блогерлер келесі айдан бастап салық төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық Youtube блогерлер келесі айдан бастап салық төлеуі мүмкін

28.05.2021

Қазақстандық  Youtube блогерлер келесі айдан бастап салық төлеуі мүмкін. Бұл талап туралы  Youtube компаниясы/ платформада табыс тауып отырғандарды наурызда ескерткен. Гуглдың ресми парақшасында «2021 жылдың маусым айынан бастап/ Google YouTube-та алған табысыңыздан салық ұстап отыруы мүмкін. Осыған байланысты онлайн кабинетіңізде салық туралы ақпаратты мүмкіндігінше тезірек көрсетуіңізді сұраймыз» делінген.

Самсон Безмятежный, Genesis Youtube Central Asia  директоры: 
Салық формасын тапсырғандар ғана жеңілдікті салық салынатындар тізбесіне кіреді. Және де қазақстандық видеоөнімдер АҚШ-тың территориясында қаралса ғана, сол қаралымнан салық ұсталынады. Оның мөлшері көп емес. 10 пайыз ғана.

Қазір Қазақстанда Youtube-та табыс көріп жүрген 500-дей блогер мен 50 шақты компания бар. Олардың ішінде АҚШ азаматтары қарайтын Youtube каналдары оннан аспайды. Олар АҚШ-тың қаралымдары үшін ғана салық төлейді. Қазақстандық қаралымдарға салық салынбайды. Дегенмен,Youtube арқылы табыс тауып жүрген барлық қазақстандық Youtube аккаунттары салық формасын тапсыруға міндетті. Құжатты өткізбейтін жағдайда табыс салығын Қазақстан үшін белгіленген 10 пайызбен емес, АҚШ аумағында белгіленген 24 пайызбен төлейтін болады.

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу