UEFA EURO 2020 ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

UEFA EURO 2020 ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

28.05.2021

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы футболдан UEFA EURO 2020 матчтарын көрсету құқығын иеленді. 11 маусым - 11 шілде аралығында өтетін чемпионатты «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көре аласыз. Футбол комментаторлары үшін шеберлік сабақтары өткізіліп, 1 ай бойы тікелей эфирде үздіксіз хабар таратуға дайындық жүріп жатыр. Турнир Еуропаның 11 қаласында өтеді. Финалдық кезеңге шыққан 24 құрама 6 топқа бөлінген. Ашылу салтанаты 11 маусымда Римде, ал финалдық кездесу 11 шілдеде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Еске салайық, футболдан Еуропа біріншілігі былтыр өтуі тиіс болған, алайда пандемияға байланысты бір жылға шегерілген еді.   

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу