Елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты пайда болады

28.05.2021

Елде мұнай өңдейтін тағы бір зауыт пайда болады. 158 млрд теңгеге бағаланған нысан Батыс Қазақстан облысында салынбақ. Жобаны іске асыру үшін қазір жаңа мердігермен келіссөз жүруде. Өйткені бұған дейінгі бас мердігермен арада дау туып, келісімшарт сот шешімімен бұзылған. Теректі ауданы Алғабас ауылындағы зауыт күніне 15 мың баррель өнім өндіреді деп жоспарланып отыр. Бензин, дизель отыны мен керосин шығарылады. Кәсіпорын іске қосылса, 200 адам жұмыспен қамтылмақ.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу