Минск қаласында Үкімет басшыларының кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Минск қаласында Үкімет басшыларының кеңесі өтті

28.05.2021

Премьер-Министр Асқар Мамин ТМД елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Минск қаласында өткен Үкімет басшылары кеңесінің отырысында айтты. Пандемиядан кейінгі кезеңде ТМД экономикасын тұрақты дамытудың жаңа күн тәртібін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Өзара сауда көрсеткіштері жақсарған. Биылғы үш айда өзара сауда $6,3 млрдты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық. Премьер-Министр азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа бірлескен өндірістер құру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шараларды әзірлеудің маңыздылығын айтты.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу