Бизнеске заңсыз араласқандарға жауапкершілік күшейтіледі
Қазақстанда бизнестің қызметіне заңсыз араласу әрекеті бойынша жауапкершілік күшейтіледі. Бас прокуратураның дерегіне сай, соңғы жылдары 250 рейдерлік іс тіркелген. Оның 4-еуі шетелдік заңды тұлғаларға қатысты. Бірақ, соңғы 3 жылда аталған іс бойынша 1 ғана адам жауапқа тартылған. Жақында Мәжіліс рейдерлікке қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша тиісті құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Осыған сәйкес, бизнесті рейдерлік жолмен басып алуды ұйымдастырушылар мен шенеуніктер арасындағы көмекшілер де жауапқа тартылады.
Рүстем Жүрсінов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл:
Рейдерлік пен кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіру бойынша жаңа бөлімдер енгізілді. Президент тапсырмасына сәйкес, құқықбұзушылықтарға жауапкершілік күшейтілді. Жаңашылдықтар тәжірибеде оң нәтижесін береді деп үміттенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16