Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыстан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыстан 2 адам қаза тапты

15.03.2019

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болып, 2 адам қаза тапты. Ондаған тұрғын жараланған. Оқиға Ош-Исфана жолын салуға байланысты даудан басталған. Бұл жол Ферғана жазығындағы этникалық тәжіктер тұратын елді мекеннен өтеді. Сондықтан да, Тәжікстан үкіметі құрылысқа қарсылық білдірген.

Қақтығыс барысында екі елдің адамдары бір біріне тас лақтырып, қару қолданды. Ұрысты тоқтату үшін жанжалға шекарашылар араласқан. Қазір екі жақтың шенеуніктері даулы мәселені талқылап жатыр. Айта кетсек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан отыз жыл бойы шекара  мәселесін шеше алмай келеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу