Елімізде шомылу маусымы 1 маусымда ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шомылу маусымы 1 маусымда ашылады

28.05.2021

Ал шомылу кезеңі биыл 1 маусымда ашылады. Елімізде 469 орында суға түсуге рұқсат . Оның 118-і коммуналдық орын яғни тегін, 275-і ақылы жұмыс істейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 8 жарым мыңнан аса маман жұмыс істейді. Сондай ақ 500-ге тарта қызметкер кезекшілікке шығып отырады. 48 жылжымалы құтқару бекеттері қауіпсіздікті бақылайды. Медициналық көмек-көрсету орталықтары да іске қосылады. Дегенмен мамандар суға түсу талаптарын қатаң сақтап, әр азаматты өз өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы:
Өкінішке қарай, 53 адам, оның ішінде 23 бала суға батып, қайтыс болды. Жыл басынан бері 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Суға түсу үшін оның температурасы 18 градустан жоғары болуы керек. Қоршаған ортаның температурасы 30 градустан асуы керек. 

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу