Оралда жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

27.05.2021

Оралда жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Оған жол бермеген Тойота көлігі оны сол жағынан кеп соққан. Аударылған жедел жәрдемдегі екіқабат келіншек облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Қазір жағдайы жақсы, дейді мамандар. Шаранасына зақым келмеген. Дегенмен, дәрігерлер оны бақылауына алды. Көліктегі медбике де жеңіл жарақат алған.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу