Ұлттық арна «Айналайын» қайырымдылық телерадиомарафонын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «Айналайын» қайырымдылық телерадиомарафонын өткізеді

01.06.2021
Ұлттық арна «Айналайын» қайырымдылық телерадиомарафонын өткізеді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Айналайын» қайырымдылық телерадиомарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – денсаулығына байланысты көмекке мұқтаж балаларға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, олардың жарқын болашағына жол ашу.

Тікелей эфир барысында нефробластома дертімен күресіп келе жатқан 6 жастағы елордалық Альарназ Әбдікәрімге, лейкоз диагнозымен Түркияда ем алып жатқан 4 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны Батыр Абинге, микротия және атрезия диагнозы қойылған 5 жастағы алматылық Әлима Жаңабайға, эпилепсия, гипоплазия дертіне шалдыққан 5 жастағы Атырау тұрғыны Әмір Бадаковқа көмек көрсетіледі. 

Телерадиомарафон «Qazaqstan» телеарнасынан 1 маусымда 12:00, 15:00, 17:15, 20:30-да, Qazaq radiosy-нан 17:15 және 20:30-да тікелей эфирде өтеді.  

Эфир барысында көмек көрсетілетін кейіпкерлердің реквизиттері төменде көрсетілген. Қаржы кейіпкерлердің жақындарының атына ашылған есепшотқа түседі.

1.Альарназ Әбдікәрім

Гүлайым Абдрахманованың атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 4400 4301 1376 7195

KZ83 722C 0000 1678 5095

2. Батыр Абин

Зәуре Төлебаеваның атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 5169 4971 4380 4890

KZ68 722C 0000 1492 7039

3. Әлима Жаңабай

Аян Қаламованың атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 5169 4931 9848 6576

KZ73722C000023417068

4. Әмір Бадаков

Асылай Бадакованың атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 5169 4971 0338 1202 

KZ07722C000015835572.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының биыл 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай өткізген «Мың алғыс» қайырымдылық марафонында көмекке мұқтаж жандарға жомарт жандардың қолдауымен 22 200 000 теңге қаражат жиналған болатын. 1 наурыз күнгі телерадиомарафон барысында көмек көрсетілген кейіпкерлер - остеогенез сырқатына дауа іздеген бір отбасының балалары Нұрислам мен Балнұр Жұматай, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан алматылық Бағдат Мұхтарұлы, лейкоз диагнозы қойылған 3 жастағы ақтаулық Ләйлә Бақтыбаева, тобығы өкшесіне бітіп, бел омыртқасы айқасып туған 8 жастағы қызылордалық Зарина Ниязбетің қазіргі жағдайы туралы баяндалады.  

Хабарламаларға жазылу