Сенат ЕАЭО аясында шығындарды азайтуға қатысты құжатты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат ЕАЭО аясында шығындарды азайтуға қатысты құжатты қабылдады

27.05.2021

Сенат Еуразиялық экономикалық одақ аясында салық төлемдерін жедел жүргізу мен шығындарды азайтуға арналған құжатты қабылдады. Заң нормалары азаматтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар, Одаққа мүше елдер арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Атап айтқанда, кедендік алымды, кедендік баж бен қосылған құн салығын, акцизді, демпингке қарсы өтемақы төлеу шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Құжат аясында аванстық төлемдер институтын енгізу көзделген.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
Алдағы төленетін кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар мен пайыздар есебіне енгізілген ақша авсанстық төлем деп танылады.  Кеден органы аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның өтініші бойынша оған аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақша қаражатының жұмсалуы туралы есеп береді. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу