Байден коронавирустың шығу тегін тергеуге бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден коронавирустың шығу тегін тергеуге бұйрық берді

27.05.2021

АҚШ президенті Джо Байден барлау агенттіктеріне коронавирустың шығу тегін тексеруге бұйрық берді. Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы 90 күнде екі есеге артуы керек. Covid-19 алғаш рет 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Содан бері оны әлемде 168 миллион адам жұқтырып, кемінде 3 жарым миллионы қайтыс болды. Әу-баста бұл инфекция теңіз өнімдері базарында жануарлардан адамдарға тарады деген болжам жасалған. Алайда, АҚШ баспасөзінде соңғы кездері «ковидтің» Қытайдағы зертханадан шыққаны айтылып жүр. Мұны жоққа шығарған Бейжің коронавирус Құрама Штаттардағы лабораториялардың бірінен тарауы мүмкін деп хабарлады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу