Аргентинада тұрғындар карантиннің қайта күшейтілгеніне наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада тұрғындар карантиннің қайта күшейтілгеніне наразы

26.05.2021

Аргентинада шектеу шаралары күшейтілді. Оған қарсы болған тұрғындар наразылық шаруіне шықты. Олар полициямен қақтығысып, салдарынан 10 шақты адам тұтқындалды. Елде коронавирус жұқтыру оқиғалары күрт көбейген, індетке шалдыққандардың жалпы саны 3,5 миллионнан асады. 75 мыңдайы көз жұмды. Ауруханаларда орын тапшы. Вакцинаның екі дозасын халықтың 5 пайызы ғана алған. Сондықтан ел билігі мектептер мен сауда орындарын қайта жауып, әлеуметтік, діни, спорттық шараларға тыйым салды. Тұрғындар бұл әрекетті заңсыз деп, жұмыс орындарын ашуды талап етіп жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу