Теміртау қаласында металлургиялық комбинатта 2 жұмысшы күйіп қалды
Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинатта оқыс жағдай болды. Жұмыс барысында балқытылған шойынды тасымалдайтын кранның шөміші құлап кетіп, 2 адам күйіп қалды. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бірінің денесін 30%-ын күйік шалса, екінші азаматтың денесінің 70% -ы күйіп қалған. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Еңбек инспекциясы тексеріс жүргізбек.
Ерік Шонбаев, Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия ауруханасы ахуал орталығының меңгерушісі:
Пациенттердің екеуінің де жағдайы ауыр. Теміртаудағы ауруханада алғашқы жәрдем көрсеткен соң бірден облыс орталығына алдырдық. Денелерін айтарлықтай көп жерден күйік шалған. Күрделі операциялар жасалынады. Қазір жіті бақылауда.
Айзада Жұмабекова, Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы:
Топтық жазатайым фактісі бойынша тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Жазатайым оқиғаның салдары мен себебі тексеру жүргізілген соң белгілі болады. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16