БҚО-да киік резерватын ашу үшін шаруалардан жер қайтарып алынады
Батыс Қазақстанда киік резерватын ашу үшін шаруалардан жер қайтарып алынады. «Бөкей ордасы» резерватын құру жобасы осыдан он жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған еді. Кейін ол аумақтағы жер телімдері шаруаларға жалға берілді. Енді қаумал қайта құрылар болса, шаруалар «жерімізден айырылып қаламыз ба» деп алаңдайды. Облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметі алаңында ешкім жерсіз қалмайды деп сендірді.
Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
2012 жылы ол жерлерден жер берілген болса, әрине, біз міндетті түрде басқа жерден жер беруге дайынбыз. Одан кейін берілген болса, бұл - уақытша берілген жерлер. Әрине, біз оларға да қолдау көрсетеміз. Барлық шаруа қожалығының өз жұмысын, ата кәсібін жалғастыруға мүмкіндік беруге дайынбыз.
Сондай-ақ әкім Бөкей ордасы ауданына дейінгі республикалық жолдың 118 шақырымы биыл салынатынын айтты. Қалған 130 шақырымы келер жылға қалмақ. Жобаның жалпы құны 57 млрд теңге болса, биыл 4 мердігерге 20 млрд-қа жуық қаражат берілген.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16