Түркістандықтар әкімдіктен бөлім басшысын қызметтен босатуды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандықтар әкімдіктен бөлім басшысын қызметтен босатуды талап етті

26.05.2021

Түркістан облысында Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы жалған дипломмен жұмыс істеп жүр. Осылай деп шағымданған тұрғындар оны жұмыстан босатуды талап етіп, облыс әкімдігіне келді. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев қарамағындағы қызметкердің дипломының жалған екенін құзырлы органдар дәлелдеді дейді. Алайда бұл шешіммен басқарма басшылығы да, білім бақылау департаментінің өкілдері де келіскісі жоқ.

Рақымбек Жолаев, Түркістан облыстық Білім басқармасының басшысы:
Алдыңғы болған соттың шешімін, аппеляцияның шешімін Жоғарғы сотқа кассацияға бердік. Және де Түркістан қалалық сотына қайта бердік, енді қазір соттың шешімін күтетін боламыз.

Роза Аманова, Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы 
Менің дипломдарыма қатысты бірнеше сот отырысы болып, үш соттың шешімі, аппеляциялық соттың шешімдерінің барлығына сәйкес, толық ақтау үкімі шыққан. Дипломдарымның жалған еместігі дәлелденген.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу