Кеше бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеше бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болған

25.05.2021

Елде эпидахуал түзеліп келеді. Вирустың таралуы бойынша еліміз «сары деңгейде» тұр. Өйткені, қазір 5 өңірде ғана жағдай күрделі. 6 облыста орташа. Ал, қалған өңірлер жасыл аймақта.

Індетке шалдыққандар санының күндік көрсеткіші де азайды. Кеше 1558 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 10 адам шалдыққан. Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 24 адам қайтыс болды. Вирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандар саны 2 млн-нан асты.


Хабарламаларға жазылу